Сайт бойынша іздеу

Аида Балаева Қызылорда облысында педагогтардың кәсіби дайындығын күшейтуді тапсырды

Бөлісу:
tQPnhfa23u.jpg
Фото: ortcom.kz

Қызылорда облысында өңірдің әлеуметтік саласын дамыту мәселелері бойынша кеңес өтті. Кеңесте өзге әлеуметтік салалардан бөлек орта білім сапасы мен педагогтарды даярлау мәселесі де қаралды, - деп хабарлайды Педагог-KZ Президент жанындағы ОКҚ сілтеме жасап.

Кеңес Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен, облыс әкімі және салалық ведомство өкілдерінің қатысуымен өтті.

Оқу-ағарту министрлігі өңір мектептеріндегі басқару сапасы мен оқу нәтижелеріне талдау таныстырды. Проблемалық мәселелер қатарында оқушылар білімінің ішкі және сыртқы бағалау нәтижелері арасындағы айырмашылықтар, сондай-ақ кейбір білім беру ұйымдарының біліктілік талаптарына сәйкес келмей жабылған фактілері атап өтілді.

Кеңес қорытындысы бойынша Аида Балаева мектеп білім беру саласында жүйелі жұмысты күшейтуді, педагогтарды даярлау сапасын және бастауыш сыныптағы оқытуды арттыруды тапсырды.

«Білім беру саласында бастауыш сыныптағы білім сапасын көтеру, мұғалімдердің кәсіби дайындығын күшейту, педагогтарға көмек ретінде жасанды интеллектіні енгізу, сондай-ақ балалардың сын тұрғысынан ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту міндеті қойылды», — деді вице-премьер.

Сонымен қатар, сапа бақылауы тұрақты әрі нақты бағытта жүргізілуі тиіс екені атап өтілді.

«Нәтиже бермейтін білім беру бағдарламаларын қайта қарап, мектептердегі идеологиялық және тәрбиелік жұмысты бастауыш сыныптан бастап үнемі бақылауда ұстау қажет», — деп атап өтті Аида Балаева.