Сайт бойынша іздеу

Арнайы педагогтар мен педагог-ассистенттерге арналған аттестаттаудың жаңа талаптары жарияланды

Бөлісу:
KU3GjxzAw3.jpg

Арнайы педагогтар мен педагог-ассистенттерге арналған аттестаттаудың пилоттық моделіне бірқатар өзгерістер енгізілген, деп хабарлайды Педагог-KZ. 

▪️ Педагог-модератор және педагог-сарапшы санаттары үшін 4 бақылау сабағын өткізу жеткілікті.
▪️ Педагог-зерттеуші үшін 6 сабақ, ал педагог-шебер үшін 8 сабақ өткізу талап етіледі.
▪️ Өткізілетін сабақтардың кемінде жартысы офлайн форматта болуы тиіс.
 
🔰Біліктілікті арттыру курстарының көлемі:
 
✔️ педагог-модератор мен педагог-сарапшы үшін – 36 сағат;
✔️ педагог-зерттеуші мен педагог-шебер үшін – 72 сағат.
 
🔰Педагог-шебер санатын алу үшін:
✔️ үлгілік оқу бағдарламаларын әзірлеуге қатысуы немесе
✔️ кемінде 20 жыл педагогикалық еңбек өтілі болуы есепке алынады.
✔️Авторлық бағдарлама әзірлеудің қажеті жоқ.
✔️Буллингтің алдын алу және оның профилактикасы бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткендігі де ескеріледі.
 
🔰 Төменгі санаттағы әріптестерге кәсіби қолдау көрсету де бағаланады:
▪️ педагог-зерттеуші кемінде 1 маманмен;
▪️ педагог-шебер кемінде 2 маманмен жұмыс істеуі тиіс.
 
✅ Сондай-ақ, «Адал азамат» және «Таза Қазақстан» жобалары аясында кемінде бес іс-шара өткізуі ескеріледі.
 
«Жаңа модель педагогтың кәсіби дамуына қолдау көрсетіп, артық есептілікті азайтуға бағытталған»,- делінген «Өрлеу» орталығы таратқан ақпаратта.