Сайт бойынша іздеу

Астанада бастауыш сынып мұғалімдері, химия,физика және математика пәнінің ұстаздары жетіспейді

Бөлісу:
8KeiPZWP50.jpg

Астанада  орыс тіліндегі бастауыш сынып мұғалімдері, орыс тілі мен орыс әдебиеті және химия,физика, математика пәнінің мұғалімдері жетіспейді.  Бұл туралы Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазиев «Солай» ютуб арнасына берген сұхбатында айтты деп хабарлайды pedagog-kz.kz

Сондай-ақ мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне тәрбиеші мамандарды тапшы екенін айтты. Мәселені шешу үшін жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар мен қолдау құралдарынан бөлек жас мамандарға арналған 350 орындық жатақхана бар.

«Жастарға арналған өзіміздің жатақханамыз бар. Ол жерде отбасы құрғанға дейін немесе жеке баспана алғанға дейін тұра алады. Көптеген жас мұғалімдер сол жерде тұрып жатыр, жап-жақсы жатақхана»,- деді Білім басқармасының басшысы Қ. Сенғазиев.