Сайт бойынша іздеу

Астанадағы Қазмедиа орталығында республикалық Президент шыршасы өтуде

Бөлісу:
ADikc2K1aA.jpg

Салтанатты шараға Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев та қатысуда. Бұл туралы Педагог - KZ хабарлайды. 

 

Елордада ҚР Президентінің атынан «Жаңа жыл республика төрінде» атты Республикалық Жаңа жылдық шырша өтті. Бұл мерекелік шараға еліміздің барлық өңірінен оқуда, спортта, шығармашылықта және қоғамдық өмірде жетістіктерге жеткен 100-ден астам бала қатысты.

Мерекелік шарада әр балаға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан құттықтау хаты табыс етілді.

Еліміздің бас ұстазы Ғани Бейсембаев мектеп оқушыларымен бірге шырша шамын жақты.

Елорданың үздік шығармашылық ұжымдарының әртістері мен қойылымдар балаларға мерекелік атмосфера сыйлады. Қазақстанның танымал әртістері көңілді ән шырқап, балалар шыршаны айнала биледі.

 

 Шара соңында әр балаға Қазақстан Республикасы Президентінің атынан жаңа жылдық сыйлық табыс етілді.