Сайт бойынша іздеу

Аттестацияның жаңа моделі көпшіліктің талқылауына ұсынылады — министрлік

Бөлісу:
c3pfzUNGY3.jpg
фото: https://t.me/oqu_agartu

Аттестацияға қатысты әлеуметтік желілерде таралып жатқан слайд ресми бекітілмеген құжат және ереженің соңғы редакциясы емес. Оқу-ағарту министрлігі желіде кеңінен талқыланып жатқан аттестацияның жаңа моделіне қатысты ақпарат таратты, деп хабарлайды Педагог-KZ министрлікке сілтеме жасап.

Министрлік ақпаратына сәйкес, құжат жобасын әзірлеу жұмысы жалғасуда. Қазіргі уақытта ол талқылау және келісу кезеңінде.

«Әлеуметтік желілерде таралып жатқан материалдар ресми бекітілген құжат болып табылмайды және ереженің соңғы редакциясы емес», — делінген ақпаратта.

Дүйсенбі күні министрлік аталған мәселе бойынша ресми брифинг өткізіп, құжат жобасына қатысты жан-жақты түсіндірме бермек.

«Брифингтен кейін жоба кеңінен қоғамдық және азаматтық қоғам өкілдерінің талқылауына ұсынылады. Педагогтер қауымдастығының, сарапшылар мен қоғам өкілдерінің пікірлері мен ұсыныстары Министрлік үшін маңызды. Ашық әрі мазмұнды талқылау нәтижесінде тиімді әрі әділетті жүйе қалыптастыру көзделеді», — делінген ақпаратта.