Сайт бойынша іздеу

Аудандық білім бөлімдері қызметкерлеріне қосымша төлемдер жасаған

Бөлісу:
qONU30jOF4.jpg

Аудандық білім бөлімдері қызметкерлеріне ай сайын 30–65 миллион теңге көлемінде қосымша төлемдер немесе 10 миллион теңгеден асатын сыйақылар төлеген, деп хабарлайды Педагог-KZ Bizmedia.kz сілтеме жасап. 

«Жасанды интеллект элементтерін қолдану нәтижесінде 2024 және 2025 жылдарға арналған тәуекелді төлемдердің жалпы сомасы тиісінше 307 миллиард және 132 миллиард теңге көлемінде анықталды. Мысалы, кейбір аудандық білім бөлімдерінде қызметкерлерге бір ай ішінде 30-дан 65 миллион теңгеге дейін қосымша төлемдер жүргізілген немесе 10 миллион теңгеден астам сыйақылар аударылған», - деді ҚР Қаржы министрі Мади Такиев Үкімет отырысында. 

Министрдің айтуынша, цифрлық трансформация аясында бюджет қаражатының жұмсалуына бақылауды күшейту мақсатында онлайн-бюджеттік мониторинг жүйесі енгізілді. Бұл жүйе білім беру саласында қаржының мақсатты жұмсалуын қамтамасыз етіп, бұзушылықтардың алдын алу мен тәуекелдерді анықтау бойынша оң нәтижелер беруде.

«Тағы бір мысал ретінде, бір айдың ішінде әртүрлі азаматтардың атына бірдей есепшот немесе ЖСН көрсетіліп, 66 төлем жасалған», - деп толықтырды Мади Такиев.