Қызылорда облысындағы «Сыр Дарыны» облыстық қосымша білім беру орталығының бас есепшісі бюджет қаражатынан жеке шотына 50 миллион теңге аударып алған. Бұл туралы облыстық Прокуратураға сілтеме жасап Педагог- KZ хабарлайды.
Бас есепші іс-сапар мен жалақыға көзделген 50 млн теңге бюджет қаражатын өзінің жеке есеп шотына заңсыз аударып алғаны анықталды.
Бас есепші іс-сапар мен жалақыға көзделген 50 млн теңге бюджет қаражатын өзінің жеке есеп шотына заңсыз аударып алғаны анықталды.
Аталған дерек бойынша облыс прокуратурасымен ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2)тармағымен қылмыстық іс тіркелді.
ҚР ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге ақпарат жариялануға жатпайды- делінген хабарламада.
Айта кету керек аталған орталық Қызылорда облысының білім басқармасының қарасты. Қазір орталықтың syr-daryny.kz ресми сайты істемей тұр. Дегенмен, әлеуметтік желідегі парақшаларында орталықтың директоры Баян Бақытжанқызы Ниязовадеп екені жазылған.