Аталған бағдарлама әкімдіктердің есебі үшін жүргізілетін шараларды қамтымай, министрлік тарапынан жүйелі және жоспарлы жүргізілуі керек.
Мемлекеттік хатшысы Е. Қарин инстаграм парақшасында жарияланған видеода «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында жеке мектептерді де қамту керектігін айтты.
Аталған бағдарлама биыл 1 қыркүйектен бастап жүзеге аса бастады. Ол отаншылдық, жауапкершілік, еңбекқорлық, ынтымақтастық, жасампаздық пен жаңашылдық секілді іргелі құндылықтарды кеңінен дәріптеп, өскелең ұрпақтың бойына сіңіруді көздейді.