Сайт бойынша іздеу

Оқу-ағарту министрі: пәндерді біріктіру мәселесі желтоқсанда шешіледі

Бөлісу:
6vjmpAHvm2.jpeg

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Мәжіліс қабырғасында білім жүйесін дамыту бағытындағы басты ұстанымдары туралы айтып берді, деп хабарлайды Педагог-KZ. 

Министрдің сөзінше, бүгінде ведомство бұрын қабылданған реформалардың барлығын талдап, олардың тиімділігін бағалап жатыр.

Қазір біз барлық реформаларды қарап, сараптап жатырмыз. Алдымызда тұрған нақты мақсат – білім сапасын арттыру. Бұл — жаңа реформа емес, бұрын басталған істің заңды жалғасы, — деді Сүлейменова.

Министр мұғалімдерді қолдау мен олардың мәртебесін күшейту  алдағы жұмыстың негізгі басымдығы болатынын атап өтті. 

Аттестация жүйесін жетілдіру, мұғалім еңбегінің сапасын арттыру және кәсіби міндетіне жатпайтын жұмыстардан босату мәселелері заң жүзінде бекітілуі қажет, - деді ол.

Сонымен қатар министр жалақы мен стипендияны көтеру мәселесі үш жылдық бюджетте қамтылғанын атап өтті.

Ал мектеп бағдарламасына қатысты сұрақтарға жауап бере отырып, Сүлейменова бұл бағытта да нақты талқылаулар жүріп жатқанын айтты.

1–10 сыныптарға арналған жаңа мемлекеттік стандарт бекітілді. Қазір апробация кезеңі жүріп жатыр. Мұғалімдер ұсыныстарын беруде. Пәндерді біріктіру мәселесіне қатысты нақты шешім желтоқсан айының соңында қабылданады, — деді министр.