Сайт бойынша іздеу

200-ден астам мектепке секция ретінде дзюдо енгізіледі

Бөлісу:
SRR3hSWq49.jpg

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2026 жылдан бастап еліміздің 217 мектебінде дзюдо секциялық форматта енгізіледі. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды,-деп хабарлайды Педагог-KZ.

Халықаралық дзюдо федерациясы Қазақстан тарапына оқушыларға арналған арнайы жеңілдетілген бағдарламасын ұсынған.

«Осы шешім үшін IJF басшылығына алғыс білдіремін. Жалпы, алдағы үш жылда 1 мың мектепке енгізу жоспарланып отыр. Басымдық ауыл мектептеріне беріледі. Бағдарлама аясында бапкерлерді дайындауға да көңіл бөлінеді», – деп жазды Р. Желдібай.

Оның сөзінше, дзюдо сабырлы болуға, төзімділікке, тәртіпке бағынуға, қарсыласты құрметтеуге үйретіп, мінездің қалыптасуына әсер етеді. Сондай-ақ қауіпсіздік жағынан да пайдалы. Ұлдар да, қыздар да еркін айналыса алады, аса көп шығынды талап етпейді.