Сайт бойынша іздеу

Педагогтардың саны 406 мыңға жетті, тек биыл 8 мыңға жуық педагог жұмысқа қабылданды

Бөлісу:
V2IZmkDpfX.jpg
фото: архив және ашық көзден

2024-2025 оқу жылында орта білім беру ұйымдарында педагогтер саны 406 мыңға жетті, бұл өткен оқу жылымен салыстырғанда 8 мыңға көбейгенін көрсетеді. Бұл туралы  Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім комитетіне сілтеме жасап pedagog-kz.kz хабарлайды.

Министрлік мәліметінше мамандарға сұраныс педагог мамандығын бітірген түлектер есебінен толықтырылуда. Соңғы жылдары дарынды жастар арасынан педагогикалық мамандықтарға түсушілер қатары көбейген. Мысалы, былтыр 1500 «Алтын белгі» иегері педагог мамандығын таңдаса, биыл 1800-і таңдады.

Тек биыл педагогикалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарын 48 мың маман бітірген. Жаңа оқу жылы басталғалы 8 мыңға жуық педагог жұмысқа қабылданған. 

  Айта кету керек, елімізде педагогикалық мамандықтарға түсу үшін шекті бал 50 ден 75 ке өсірілді және осы мамандықтар бойынша оқитын жоғары оқу орындарының студенттері үшін стипендия мөлшері 58 мыңнан 67 мың теңгеге дейін ұлғайтылды