Сайт бойынша іздеу

Екібастұзда педагог-шеберлер кеңес беретін орталық ашылды

Бөлісу:
oKgiHHhYxC.jpg

Павлодар облысында педагогтарды әдістемелік қолдаудың жаңа моделі енгізілуде, деп хабарлайды Педагог-KZ Pavlodarnews.kz. сайтына сілтеме жасап.

– Аталған кеңес беру орталықтары – бұл тәжірибелі педагог-шеберлер үздік тәжірибелермен, әдістемелермен және инновациялық тәсілдермен бөлісетін алаң. Мұнда мұғалімдер нақты ұсыныстар алып, күрделі кәсіби жағдайларды талдап, жаңа оқыту технологияларын меңгеріп, оларды бірден тәжірибеде сынап көре алады. Мұндай жүйе мектептер мен жалпы қаланың ішінде біртұтас әдістемелік кеңістікті қалыптастыруға, педагогикалық сараптаманың дер кезінде әрі тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік береді, – деді білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің басшысы Динара Куматова.

Мысалы, № 35 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі, педагог-шебер, педагогика ғылымдарының магистрі және Павлодар облысы бастауыш сынып мұғалімдері қауымдастығының төрайымы Наталья Марахова шеберлік сабағын өткізді. Педагог № 23 мектеп ұжымы үшін белсенді оқытудың ең тиімді технологияларының бірі саналатын Сингапур әдістемесінің құрылымдары бойынша практикалық оқыту жүргізді. Мұғалімдері үшін бұл шара жаңа технологиямен танысу ғана емес, кәсіби тәжірибені толықтыру болды.

Алдағы уақытта тәжірибенің ауқымы артпақ. Жоспарда жүйелі шеберлік сағаттарын өткізу, тәлімгерлік, практикалық зертханалар және өңір мектептері арасында тәжірибе алмасу секілді бастамалар бар.