Әдіскерлердің жұмысы қайта қаралып, зерделенеді.
Оқу-ағарту министрлігі министрдің Атырау қаласында 13 сәуір күні педагогикалық қауымдастықпен кездесуі барысында көтерілген проблемалық мәселелерді шешу бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпаратты жарияланды.
Жылыой ауданы, №23 орта мектебінің директоры Ж.Шарғабаева кездесуде бірнеше ұсыныс пен сауал жолдаған.
Біріншіден, мектеп психологтарының еңбекақысын 30 пайызға арттыру туралы ұсынысты толық қолдаймыз. Сонымен қатар, Атырау облысындағы әдіскерлердің де жалақысын көтеру қажет деп есептеймін. Әдіскерлер – білім сапасына тікелей әсер ететін маңызды буын. Сондықтан олардың атқаратын жұмыстарын жүйелеп, нақтылау қажет. Әдіскер білікті, тәжірибелі маман болуы тиіс және уақытын тиімсіз жұмыстарға жұмсамауы керек. Қазіргі таңда әдіскерлер шамадан тыс қағазбастылықтан шаршап отыр. Ал ерекше білімді қажет ететін балалар санының артуына байланысты бұл бағыттағы жұмысты одан әрі күшейту қажет.»
«Екіншіден, қазіргі таңда 30–40 сағат жүктемемен жұмыс істейтін мұғалімдер тек сабаққа кіріп-шығумен шектеліп отыр. Сондықтан олардың кәсіби және физикалық саулығын сақтау мақсатында спортпен шұғылдануына қолайлы жағдай жасау қажет деп санаймын.»
«Үшіншіден, «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтының жұмыс сапасына қатысты. Біліктілікті арттыру курстары мұғалімдерге нақты тәжірибелік пайда беретіндей, сапалы әрі нәтижеге бағытталған болуы тиіс.»,- делінген педагогтың сұрағында.
Министрлік аталған мәселелердің орындалуына қатысты былай деп жауап берген:
Әдіскерлердің жұмысы қайта қаралып, зерделенеді;
Мұғалімдердің спорт шұғылдануы және «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтының жұмысына қатысты мәселе қаперге алынды