Сайт бойынша іздеу

Іссапарға барған мұғалімдерге 2,4 млн теңге төленбей қалған

Бөлісу:
OdspAdzPBW.jpg
Фото: архив

БҚО прокуратурасының актісі бойынша 40 мұғалімнің конституциялық құқығы қалпына келтірілді, деп хабарлайды Педагог-KZ.

Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының мәліметінше, облыстағы Шыңғырлау ауданының прокуратурасы талдау жүргізу барысында 40 мұғалімнің еңбектері үшін сыйақы алуға конституциялық құқықтарын бұзу фактілерін анықтады. 

Атап айтқанда, 2024 жылы аудандық білім басқармасы жалпы сомасы 2,4 миллион теңге көлеміндегі 40 мұғалімге жол ақысын төлемеген, - делінген ақпаратта.

  ҚР Конституциясының 24-бабының 2-тармағына сәйкес әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы бар.

Еңбек кодексінің 127-бабының 2-тармағының 1), 2) және 3)-тармақшаларына сәйкес іссапарға жіберілген қызметкерлерге: іссапарда болған күнтізбелік күндері үшін, оның ішінде жолдағы уақыты үшін тәуліктік төлемдер,баратын жеріне дейінгі және керіқайтқандағы жол жүру шығыстары, тұрғын үй-жайды жалға алу шығыстары төленеді.

Прокуратураның ұсынуы бойынша жалпы сомасы 2,4 миллион теңге құрайтын жол ақысы төленді, кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлады БҚО прокуратурасы.