Сайт бойынша іздеу

29 мың дене шынықтыру пәні мұғалімінің 0,2% ғана педагог-шебер

Бөлісу:
4izb6Dm7q4.jpg

Қазақтанда 29 мың дене шынықтур пәні мұғалімінің 0,2% ғана педагог-шебер, 2,6% ғана жоғары санатты педагог.

Бұл туралы «Білім беру ұйымдарында дене тәрбиесінің тұжырымдамалық негіздерін трансформациялау» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан айтты деп хабарлайды pedagog-kz.kz 

Балалардың дене тәрбиесі мәселесіне қатысты жиында вице-министр білім сапасы ұстаздың біліктілігіне тікелей байланысты екенін айта келе бұл саладағы жағдайға тоқталды. 

«Өкінішке қарай, 29 мың дене шынықтыру пәні мұғалімінің тек 0,2% ғана педагог-шебер,  2,6% ғана жоғары санатты педагог. Бұл сандар біраз жайтты аңғартады. Дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің арасында Жоғары оқу орнынан кейінгі білім бар ұстаздардың үлесі өте аз. Яғни, магистрант және доктарант ұстаздардың үлесі небәрі 3%. Сол себепті Дене шынықтыру ұлттық ғылыми практикалық орталығы басшылығына курстардың мазмұнын жаңарту мен біліктілікті арттыру бойынша тапсырмалар жүктелді»,-деді Оқу-ағарту вице-министрі.