Сайт бойынша іздеу

География міндетті пәндер қатарына қайта кіретін болды

Бөлісу:
w20Q6Ba5xy.jpeg

Оқу-ағарту министрлігі мектептегі «География» пәніне қатысты бұрын қабылданған шешімді қайта қарауда. Пәнді міндетті пәндер қатарына қайтару жоспарланып отыр. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жулдыз Сулейменованың «Казахстанская правда» газетінде жарияланған авторлық мақаласында айтылған, деп хабарлайды Педагог-KZ.  

Министрдің айтуынша, алдағы кезеңде «Қазақстан географиясы» пәнін толық көлемде оқыту бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Пәнді қайта енгізу оқушылардың аналитикалық және сыни ойлау дағдыларын қалыптастыруға, сондай-ақ жаһандық білім беру үрдістеріне сәйкес келетін құзыреттерді дамытуға бағытталғаны атап өтілді.