Өткен аптада 300 ге жуық жаратылыстану-матемитка пәнінің мұғалімі Оқу-ағарту министінен ПББ (ОЗП) шарттарын қайта қарауын сұрап өтініш жолдаған болатын. Өтініш мәтінін журналист Михаил Козачков өзінің телеграм арнасында жариялады.
Бұл тақырып ұстаздар қауымы арасында қызу талқыға түсті. Педагог-KZ ресурсына келіп түскен хат-пікірлердің арасында ұстаздардың үндеуін қолдағандар да, қолдамағандарда болды.
Пікірлердің кейбірін назарларыңызға ұсынамыз. Барлық пікірілер қаз-қалпында беріліп отыр.
«Мектеп директорлары мен директор орынбасарларының да тест тапсырмаларын қайта қарау керек. Бар шаруаны жиып қойып бір апта Кодекстер мен заңдарды оқумен болдым. Тиісті балл жинап шықтым, бірақ қаншама денсаулығымды жойдым. Енді үш жылдан кейін қайта өтуім керек, маған осындай бейнетпен алған лауазым қаншалықты керек деген ойға қалдым. Үш жыл сайын шұқынып оқып, денсаулығымды құртқанша қарапайым мұғалім болғаным дұрыс па деген ой келді,- деп жазды Қазбек есімді интернет қолданушы.
Ал кейбіреуі әрбір ұстаз өз пәнін жетік меңгерсе ешқандай қиын болмайды деген пікір қалдырған.
«Меніңше мұндай үндеу негізсіз. Әр педагог өз пәнін жетік меңгеруі керек қой. Біліктілік тестінде сіздер универде оқып кеткен күрделі тақырыптар келмейді ғой. Тек мектеп программасы. Оның үстіне күнде өз пәндеріңізден сабақ беріп жүрсеңіздер, қосымша сабақ өтсеңіздер дайындықтың да қажеті жоқ. Білімсіздік жайлайды егер қазірден баллды осылай төмендетсе. Тек ақша деп білім мен тәрбиені кейінге ысырып тастайтын болсақ ертеңгі күніміз қараң...Сонша жыл мұғалім болған адам көзін жұмып-ақ 50 баллды алар еді. Тіпті сұрақтары тым оңай екен деп кетер ме еді кім білсін»,- деп жазды енді бір пікір иесі.
Пікірлер арасында ұстаздар қауымына басу айтақндар да баолды.
«Әріптестер жұмыс деп өлеміз ба, министрлік бізді түсінбейді, себебі оларда мұндай тест өту жоқ, камера, уақыт, адалдық дегенді түсінбейді. Денсаулықтарыңызды күтіңіздер, түсінемін өзіме де үш балл жетпеді зерттеушіге, екі ай ауырдым операциядан шыға сала тестке бардым, бәрі бекер, жоғарыда қайсы менің халімді біліп жатыр. Тест тапсырмай ақ қояйын деп едім, уақытыңыз келіп тұр олай болмайды деді, енді не істейін көндім, өтпедім, өлейін ба өтпедім деп, денсаулығым маңызды, әрине 20 жыл жасап зерттеушісіз жүру де қиын сараршылықпен, жүрек аурады ойласам,- деп басу айтқандар да болды.
« Менде осы петицияны қолдаймын, өзім тарих пәні мұғалімі болып жұмыс атқарамын. Аттестацияда қате сұрақтар болды ІІ Генрихтің орына ІІІ Генрих дұрыс жауабы болды , Құрманғазының атақты күй дейді Құманғазының атақты күйлері жетеді ғой.Бір балл жетпей қалып Аппелацияға 11 сұрақты беріп кетіп едім, тым болмаса біреуінен беріліп қалар деп. Оныда қарастырылмаған 15 күн толғақ күткендей күттік ,балл 0. Даже қарастырылмаған ғой. География мұғалімдерінікі қарастырылыған 4-5 баллдан даже 9 баллдан қосып берген. Тарихшыларды неге қарамады мына ұстаз не үшін Аппелацияға беріп кетті екен мүмкін 1-2 балл жетпей тұрма деп те қарамаған. Бұл деген сұмдық қой,-деп жазды Әлия есімді интернет қолданушы.
«Өз пәнімнен сұрақтар мүлдем қиын болмады,өттім шүкір.Бірақ 1 сұрақтың екі дұрыс жауабы болды.Өзім сенімді болдым сол сұрақтың жауабына.Іштегі кезекші жігіттер,тест біткен соң апелляцияға бересіз деп еді.Жинаған балымды көріп,есім шығып,апелляцияға беруді ұмытып,қуанғанымнан кете беріппін,-деп қуанышын бөлісіті Ұлзат есімді ұстаз.