Сайт бойынша іздеу

Мектеп асханасында чебуреки, гамбургер, газдалған сусын сатылмайды

Бөлісу:
bMEJCSfdlN.jpg

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мектеп асханаларында жаңа талап бойынша қандай тамақты сатуға тыйым салынатынын айтты, деп хабарлайды Педагог-KZ.

 

"Мектеп буфеттерінде не сатуға болатындығы туралы нақты шектеулер бар, оның ішінде гамбургер, чебурек және т.б. сияқты фаст-фуд түріндегі өнімдерді асханаларда сатуға тыйым салынған. Газы бар сусындар мен шоколадтарға шектеу бұрыннан бар. Бұл талаптардың орындалуы, орындалмауы бөлек сұрақ", - деді Денсаулық сақтау министрі.

 

Жаңа стандартқа сәйкес, мектеп асханаларында дайын тамаққа қосылатын қанттың мөлшері 3,5 есеге, ал тұздың мөлшері 2-2,5 есеге азайтылады. Оны мектептегі мейірбикелер тексеріп отырады.