Сайт бойынша іздеу

Мектеп кабинеттеріндегі камералардың дыбысын қосып қою керек – депутат

Бөлісу:
ayNlZB48UJ.jpg
Фото: facebook.com/erbolat.saurykov.2025

Қазақстанда оқушылар отыратын мектеп кабинеттеріндегі камералардың дыбыстық режимі қосылып тұруы керек. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ерболат Саурықов айтты, деп хабарлайды Педагог-KZ.

Заңға қайшы болмаса, мектеп кабинеттеріндегі камералардың аудио режимін қосып қою керек деді депутат Tizgin.kz сайтының тілшісіне берген сұхбатында.

«Мысалы, белгілі бір тақырыпта мұғалім дәріс береді. Айталық, Абылай хан туралы 40 минутта жеткізуі керек. Сол тақырыпты жеткізіп болғаннан кейін жасанды интеллект мұғалімнің қанша пайыз сабақ жеткізгенін диспетчерлік пунктке жібереді. Бүгінгі сабақ 75% немесе 65% жеткізілді деген сияқты. Екіншіден, бұл мұғалімнің өзіне де қажет. Бүгін тақырыпты 65% жеткізсе, келесіде 70–80%-ға жеткізуге тырысады», – деді депутат Ерболат Саурықов.