Өткен сенбіде Астананың орталық саябағында «Harmony» мектебінің ұжымы «Жылу сыйлау үшін жүгіреміз!» ұранымен қайырымдылық марафонын ұйымдастырды. Бұл туралы аталған білім ордасы хабарлады.
Марафон салауатты өмір салтын насихаттау мен тұрмысы төмен, көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан жасөспірімдерге қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған.
Игі шараға 400 ге жуық адам қатысты. Оның ішінде мектеп ұжымы мен ата-аналар және оқушылар бар. Марафоншылар 1, 3 және 5 шақырым қашықтыққа жүгірді.
«Қайырымдылық – қоғамды біріктіретін құндылық. Бұл марафонның маңызы бөлек, себебі, жиналған қаражат «Мереке» қорына, балаларына көмекке жұмсалады және өскелең ұрпаққа салауатты өмір салтын дәріптейміз. Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің», – деді «Harmony» мектебінің академиялық директоры О. Елюбаев: