Сайт бойынша іздеу

Қазақстан мен Өзбекстан білім беру саласындағы әріптестікті дамытуға уағдаласты

Бөлісу:
wZ5gN7DkK2.jpg
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Өзбекстанға жасаған жұмыс сапары аясында Қазақстанның Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Өзбекстанның Мектепке дейінгі және мектептік білім беру министрі Эъзоза Каримовамен кездесті, деп хабарлайды Педагог-KZ, 

Тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Мемлекет басшылары жүргізіп отырған саясаттың нәтижесінде екі ел арасындағы өзара іс-қимылдың, оның ішінде мектепке дейінгі және мектеп білім беру бағытындағы ынтымақтастықтың жүйелі түрде дамып келе жатқаны атап өтілді, деп хабарлады Министрліктің баспасөз қызметі. 

Кездесу барысында педагогтардың біліктілігін арттыру, білім беру үдерісіне жасанды интеллект технологияларын енгізу тәжірибесімен алмасу, сондай-ақ екі елдің білім беру ұйымдары арасындағы кәсіби байланыстарды кеңейту мәселелері қаралды.
 
 
Сонымен қатар Қазақстан мен Өзбекстан оқушыларының халықаралық олимпиадаларға, білім беру форумдарына және ғылыми-практикалық конференцияларға белсенді қатысуы атап өтілді.
 
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар білім беру саласындағы әріптестікті одан әрі дамытуға және бірлескен бастамаларды іске асыруға дайын екендіктерін білдірді.