Жаңа оқу жылынан бастап Қазақстан мектептерінде ішкі безендіруді біріздендіру бойынша бірыңғай дизайн-код кезең-кезеңмен енгізіледі,- деп хабарлайды Педагог-KZ.
Б ұл туралы Шымкент қаласы педагогтарының тамыз кеңесінде Оқу- ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты.
Бүгінде 100-ден астам жаңа «Келешек мектептері» бекітілген брендбук негізінде салынып жатыр. Алдағы уақытта бұл стиль 1300 мектептің жөндеу жұмыстары барысында да қолданылады. Келешекте дизайн-код елдегі барлық білім беру ұйымдарын қамтитын болады ,-деді министр.
Айта кету керек, биыл министр Астана, Алматы, Шымкент өңіріндегі педагогтардың тамыз кеңесіне қатысты.