Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Астанада белсенді ұстаздармен кездесіп, пікір алмасты, деп хабарлайды Педагог-KZ.
3,5 сағатқа созылған кездесуде ұстаздар ойларын бүкпесіз айтты. Қозғалмаған тақырып некен-саяқ. Мектептегі директор шеше салатын дүниеден президент қана шеше алатын дүниеге дейінгі біраз нәрсе айтылды. Министр өзіндік қозқарасын жеткізіп, алдағы жоспарлары туралы ой қозғады. Беталыс жақсы, мықты команда болса біраз тірлік атқарылады деп сенемін, -деп жазды QAZBILIM GROUP компаниясының басқарма төрағасы, белгілі ұстаз Аятжан Ахметжанұлы желідегі парақшасында.