Тәуелсіздік күні қарсаңында министрліктің ұйымдастыруымен жас ұстаздар арасында «Мен Тәуелсіздік құрдасымын!» атты республикалық челлендж өтуде, – деп хабарлайды Педагог-KZ.
Әлеуметтік желіде өтетін бұл челлендждің мақсаты – қоғамда педагог мәртебесін, оның еңбегінің маңызын және өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі рөлін кеңінен насихаттау.
Челленджге қатысушы мұғалімдер әлеуметтік желілерде «Мен Тәуелсіздік құрдасымын» тақырыбында бейнеролик немесе пост жариялап, тәуелсіздікпен бірге өскен ұрпақ ретінде білім саласының дамуы, оған қосқан өз үлесі және педагог миссиясы туралы ой-пікірімен бөліседі.
Челленджге қатысу үшін әлеуметтік желілерде #МенҰстазбын #ТәуелсіздікҚұрдасымын #ЯУчитель #ЯРовесникНезависимости хэштегтерімен тәуелсіздік туралы өз ойыңыз және ұстаздық қызметтегі миссияңыз туралы фото-видеосы бар пост жариялау қажет.
Министрлік таратқан ақпаратқа сәйкес, еліміздің білім беру ұйымдарында тәуелсіздікпен құрдас 15 мыңнан астам педагог жұмыс істейді.