Сайт бойынша іздеу

НИШ-тің 11-сынып оқушысы 23 мамыр күні оқудан шығарылған. Кімдікі дұрыс кімдікі бұрыс?

Бөлісу:
9nUElrAnUC.jpg
Фото: Ирина Смирнова парақшасынан

Депутат Ирина Смирнова Алматы қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысының 23 мамырда оқудан шығарылғанын сынға алып, бұл шешімді баланың құқығын бұзу деп атады. Оның пікірінше, оқушы 5 жыл білім алып, оқу жылының соңына екі күн қалғанда мектептен шығарылған. Бұл туралы Педагог-KZ хабарлады.

Ал «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДБҰ басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин 11-сынып оқушысының мектептен не үшін қуылғанын түсіндірді. Оның сөзінше оқушы емтихан кезінде телефон қолданған, оны алып қоймақ болған мұғалімді оқушы  бейәдеп сөзбен балағаттаған. Жанғозиннің сөзінше бұл факт құжатпен тіркелген, оқушының бұған дейін де тәртіп бұзуы болған және педкеңестің тиісті шешімі бар. Қазір оқушыны басқа мектепке ауыстыру мәселесі шешілуде.

 Ал заңгер Жангелді Сүлейменов мектеп басшысынан бастап, педкеңес мүшелеріне дейін сот арқылы жауапкершілікке тарту керек дейді. Себебі желіде тараған оқушыны шығару туралы бұйрықта «тәртіп бұзғаны үшін» деп жазылған. Ал бұл уәж оқудан шығаруға негіз бола алмайды және мұндай талап мектептің жарғысында жазылмаған дегенді алға тартады заңгер.

Сіз бұл жағдайда кімдікі дұрыс деп санайсыз? Мектеп пе, әлде оқушы ма?