Сайт бойынша іздеу

Оқу-ағарту вице министрі: Балалардың 70 %-ы артық салмақтың зардабын тартып жүр

Бөлісу:
toOrtCkXtO.jpg
фото ИИ

Бұл туралы Ұлттық ғылыми-тәжірибелік дене шынықтыру орталығы ұйымдстырған «Білім беру ұйымдарында дене тәрбиесінің тұжырымдамалық негіздерін трансформациялау» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан айтты деп хабарлайды pedagog-kz.kz bizmedia.kz агенттігіне сілтеме жасап. 

Оның сөзінше көптеген зерттеу нәтижелеріне сай балалардың  70%-ы  артық салмақ пен гиподинамияның зардабын тартып жүр.

Мысалы, тек 2018 бен  2022 жылдары аралығында  артық салмағы бар оқушылардың үлесі 1,6 есе артқан. Мұндай оқушылар ЖРВИ мен тұмауды неғұрлым тез жұқтырып, түрлі дене жарақаттарын  жиірек алады.

«Оқушылардың жыл сайынғы медициналық тексерісі нәтижесіне сай балалар арасында тірек-қимыл аппараты бұзылған, жүйке аурулары және көру қабілеті төмендеген оқушылардың үлкен үлесі байқалады. Бастауыш сынып оқушыларының 16,5%-да скалиоз,  2,3%-да көру органдарында, 15%-да жүйке аурулары, 24%-да  жоғары қан қысымы анықталды»,-деді Оқу-аағарту вице-министрі Е. Оспан.