Қазір сабақта оқушылардың телефонды пайдалану мәселесі қоғамда, ұстаздар арасында қызу талқылануда.
Осы ретте, өз тәжірибеммен бөліссем.
Биыл жергілікті әкімдік сабақта оқушылардың телефонды мақсатсыз пайдалануын азайту туралы бастама көтерді.
Бұл бастаманы ата-аналарға түсіндіріп едім, бірден қолдай кетті. Тіпті ұялы телефонды салып қоятын арнайы жәшік жасауға көмектесті.
Ата-ана мен мұғалім ортақ ұстанымда болған соң балалар да көне кетті. Сабақтың басында телефондарын әкеліп тапсырады.
Басында әрине қиын болды, «каспий приложение телефонда», «ақша аудару керек» деп қайта-қайта сұрайтын болды.
Бұл мәселенің де шешімі табылды. «Каспий карталарыңызды алып жүріңіздер немесе қолма-қол ақша болсын»,-деп оқушыға да, ата-анаға да түсіндірдім.
Телефон тапсырмай қойған оқушылар да болды арасында. Ата-аналарға тағы да түсіндіруге тура келді. Білім алсын десеңіздер, телефонды тапсыруын қадағалаңыздар деген сыңайда.
Ата-аналар қазір алғыс айтып жатыр. Осы тәртіп енгелі балалармыздың білімі жақсарды, сабаққа ынтасы артты, тәртіпке үйренді деген пікірлер естіп жүрміз.
1 қыркүйектен басталған тәртіпке оқушы да, ата-ана да, педагог та үйренді.
Балалар телефонда сабақ басында тапсырады, сабақтың бәрі біткен соң алады.