Жаңа білім беру мазмұны аясында қолға алынған кейбір пәндерді біріктіру немесе кіріктіру бастамасы биыл барлық 20 аймақтағы мектептерде пилоттық режимде сынақтан өтеді және ол мектептердің тізімі жарияланады. Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты-деп хабарлайды Педагог-KZ
Министрдің сөзінше, бұл әлемдік үрдісте бар тәжрибе. Бастама пилоттық жоба ретінде 20 өңірдегі мектептерде сыналмақ. Егер нәтижесін берсе, ары қарай жалғасады, ал егерде өміршеңдігін көрсетпесе, бұрынғы тәжрибе қала береді. Сынақ өтетін мектептердің тізімі жақында жарияланбақ.