Сайт бойынша іздеу

«Педагогикалық өлшемдер» атты жаңа ғылыми-практикалық журнал жарық көрді

Бөлісу:
iwAr91lTm2.jpg

Журналдың бас редакторы Болатбек Абадрасилов, ол жылына 4 рет шығады.  Жаңа журнал 12 сәуір – Қазақстан Республикасының ғылым қызметкерлері күні орайластырылған және лны шығарушы  Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты Ұлттық тестілеу орталығы,-деп хабарлайды Педагог-KZ

«Педагогикалық өлшемдер» атты ж аңа басылымның мақсаты – білім беру сапасын бағалау және педагогикалық өлшеу саласындағы ғылыми зерттеулерді жариялау, тәжірибе алмасу және саланың өзекті мәселелерін талқылау үшін кәсіби алаң қалыптастыру. Журнал педагогтар, бағалау сарапшылары, тест құрастырушылар, зерттеушілер және білім беру ұйымдарының өкілдеріне арналған делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Журналда жарияланатын мақалалар дың тақырыптары:

  • Білім сапасын бағалаудың заманауи әдістері
  • Педагогикалық өлшеу құралдары
  • Оқытушыларға арналған практикалық нұсқаулықтар
  • Саладағы халықаралық тәжірибелер мен трендтер

Редакциялық алқа құрамына АҚШ, Ұлыбритания, Нидерланды, Түркия, Әзербайжан, Ресей және Қазақстанның жетекші білім беру ұйымдары мен ғалымдары кіреді. Бұл журнал мазмұнының ғылыми деңгейі мен өзектілігін қамтамасыз етеді.

 «Педагогикалық өлшемдер» журналы жылына 4 рет жарық көреді және testcenter-zhurnal.kz ресми сайтында қолжетімді.