Мемлекет басшысы педагогтардың кәсіби мерекесіне орай өткен салтанатты жиында ұстаздарды мемлекеттік наградалармен марапаттады,- деп хабарлайды Педагог-KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Мектеп мұғалімдерімен қатар мемлекет басшысының қолынан колледждер мен жоғары оқу орындарының оқытушылары, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейтін мамандар да марапат алды.
«Парасат» ордені иегерлері:
· Жаңбыршиева Ұлжан – Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің доценті
· Мұсайбеков Рашид Қабдулқалиұлы – Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің сеньор-лекторы
«Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы:
· Әбдірайымова Гүлнар Фазылкәрімқызы – Astana Polytechnic жоғары колледжінің оқытушысы
· Ванов Қуантқан Рзаұлы – еңбек ардагері, Маңғыстау облысы
· Губаева Мүгілсін Мәулетқызы – еңбек ардагері, Алматы қаласы
· Жәмішева Сәуле Абрашқызы – Республикалық физика-математика мектебінің әдіскері, Алматы қаласы
· Райымбекова Ұлжан Кеттешқызы – №7 «Тұран» мектеп-гимназиясының мұғалімі, Түркістан облысы
· Серекеева Күміскүл Дүйсенқызы – №15 мектеп-лицейінің мұғалімі, Қызылорда қаласы
· Талқанбаев Мұхтар Дәулетұлы – «Дарын» лицей-интернатының мұғалімі, Жамбыл облысы
· Темірболатова Әлия Есқалиқызы – Ж. Жабаев атындағы №161 лицейдің мұғалімі, Алматы қаласы
· Шералхан Гүлмира – Т. Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназиясының мұғалімі, Шымкент қаласы
«Құрмет» орденімен марапатталғандар:
· Мергенбаева Назигүл Оразбайқызы – №206 мектеп-гимназиясының мұғалімі, Алматы қаласы
· Оспанова Айман Қадырқызы – Ғ. Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназиясының мұғалімі, Алматы қаласы
· Тазабекова Рахат Қасымқызы – еңбек ардагері, Алматы облысы
· Таңатқанова Нағима Жақыпқызы – еңбек ардагері, Алматы қаласы
· Төлепова Ләззат Жайшылыққызы – облыстық арнаулы мектеп-интернатының директоры, Атырау облысы
· Хамзина Шынар Ғабдісаматқызы – облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеші-анасы, Батыс Қазақстан облысы
«Ерен еңбегі үшін» медалі берілгендер:
· Әлиева Сәлима Темірболатқызы – №35 мектеп-лицейдің мұғалімі, БҚО
· Базарбаева Сәруар Оразқызы – Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінің оқытушысы, СҚО
· Жалпақов Талғат Теміржанұлы – Ақпараттық технологиялар колледжінің оқытушысы, Павлодар облысы
· Жұмағалиева Шырын Рахымбайқызы – К. Ушинский атындағы №7 мектептің мұғалімі, Талдықорған қаласы
· Забиякина Оксана Сергеевна – Н. Смағұлов атындағы мектеп-лицейдің мұғалімі, Ақмола облысы
· Құдайбергенова Татьяна Сергеевна – «Әділет» жеке меншік балабақша-мектеп кешенінің мұғалімі, Қарағанды облысы
· Қыдырпатшаева Күлзира Орзанбайқызы – №8 гимназияның мұғалімі, Жезқазған қаласы
· Омарбекова Айгүл Төлеутайқызы – Геологиялық барлау колледжінің оқытушысы, Абай облысы
· Рахымбаева Жанар Дайырқажықызы – SOS Астана балалар ауылының тәрбиешісі
«Шапағат» медалі иегерлері:
· Лукашевич Александр Аркадиевич – Urban School директоры, Астана қаласы
· Шаңбаев Дархан Түгелбайұлы – Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінің оқытушысы