Сайт бойынша іздеу

Қазақстан педагог мәртебесін көтеру үшін қаржылай қолдау енгізген санаулы елдің бірі

Бөлісу:
eyrJ3uF4aE.jfif

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев еліміздің үздік педагогтерімен, ардагер ұстаздармен онлайн форматта кездесу өткізді,-деп хабарлайды Педагог-KZ Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Кездесуге еліміздің барлық өңірінен 100-ге жуық педагог қатысты. Қазір  білім беру саласында 5 «Еңбек Ері» мен 74 «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» еңбек етуде. Сонымен қатар жыл сайын өткізілетін «Үздік педагог» республикалық байқауының 700-ден астам жеңімпазы бар.

Қазақстан педагог мәртебесін көтеру мақсатында түрлі мемлекеттік қаржылық қолдау тетіктерін енгізген санаулы елдердің бірі. Мемлекеттік марапат иегерлері, үздік педагогтер және шәкірті халықаралық олимпиадаларда үздік нәтиже көрсеткен мұғалімдерге 1000 АЕК көлемінде сыйақы қарастырылған.

Жиын барысында Қазақстанның Еңбек Ерлері Гүлжанар Нұрпейісова, Алма Шүкіжанова, «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» Нағиша Есбосын және «Еңбек ардагері» Орынша Қарабалина сөз сөйлеп, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Кездесу соңында министр білім басқармаларына үздік ұстаздарды мектептерге тәлімгер ретінде тартуды тапсырды. Сондай-ақ, жас мұғалімдерге бағыт-бағдар беру мақсатында тәжірибе алмасу алаңдарын ұйымдастыру қажеттігін айтты.