Еліміздің білім беру саласында 492 938 әйел жұмыс істейді. 8 наурыз мерекесі қарсаңында Оқу-ағарту министрлігі саладағы қыз-келіншектер жайлы статистикалық ақпарат жариялады, деп хабарлайды Педагог-KZ.
Олардың:
* 101 789 - мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында;
* 342 352 - орта білім беру ұйымдарында;
* 2 382 - түзету-білім беру ұйымдарында;
* 13 239 - қосымша білім беру ұйымдарында;
* 29 117 - техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында;
* 4 059 - арнайы білім беру ұйымдарында қызмет етеді.