Астанада Азия, Еуропа және Қазақстаннан келген профессорлар мен сарапшылардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Шарада президенттік «Адал Азамат: біртұтас тәрбие» бағдарламасы талқыланды деп хабарлайды Педагог-KZ.
ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың айтуынша, екі жыл ішінде бағдарлама аясында 6 бағыт пен 77 қадамнан тұратын тәрбие экожүйесі құрылды. 2023 жылдан бастап мектептерде Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары мен өңірлерде Психологиялық көмек орталықтары жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде ата-аналардың оқу-тәрбие процесіне қатысуы үш есеге артқан.
Министрдің сөзінше, бүгінгі мектеп міндеті – білімді ғана емес, рухани биік, адал әрі жауапты тұлға – Адал Азаматты қалыптастыру.
Іс-шара қорытындысында Қазақстан, Сингапур және Ұлыбритания бірлесіп Халықаралық тәрбие ұйымын құруға кірісетін болды.