Сайт бойынша іздеу

Қазақстанда оқушылар мен педагогтарға сыйақы төленетін халықаралық олимпиадалар тізімі жаңартылды

Бөлісу:
SJKtEOFQlD.jpeg
Фото OpenAI

Бюджет қаражаты есебінен біржолғы ақшалай сыйақы берілетін халықаралық жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиадалардың тізіміне өзгерістер енгізілді. Тиісті түзетулер Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының бұйрығымен бекітілді, деп хабарлайды Педагог-KZ. 

Құжатқа сәйкес, тізім жаңартылған редакцияда бекітіліп, оған жалпы білім беретін пәндер бойынша келесі халықаралық олимпиадалар енгізілді:

  • Халықаралық математика олимпиадасы (International Mathematical Olympiad);
  • Халықаралық физика олимпиадасы (International Physics Olympiad);
  • Халықаралық химия олимпиадасы (International Chemistry Olympiad);
  • Халықаралық биология олимпиадасы (International Biology Olympiad);
  • Халықаралық география олимпиадасы (International Geography Olympiad);
  • Халықаралық информатика олимпиадасы (International Olympiad in Informatics);
  • Халықаралық лингвистика олимпиадасы (International Linguistic Olympiad).

Сонымен қатар, тізім халықаралық ғылыми жобалар байқауы  - Regeneron International Science and Engineering Fair-мен толықтырылды.

Бұйрық 2026 жылғы 4 ақпаннан бастап күшіне енеді.