Сайт бойынша іздеу

Шымкентте білім беру ұйымдарында 2 мыңнан астам вакансия бар

Бөлісу:
nGUIrKZiOe.jpg
Фото: Оқу-ағарту министрлігі ресурсынан

Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты ұйымдарда 2063 бос жұмыс орны бар. Кадр жетіспеушілігі мәселесін шешу мақсатында қала әкімдігі бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін ұйымдастырмақ, деп хабарлайды Педагог-KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, педагогикалық лауазымдар бойынша:

жалпы орта білім беру ұйымдарына – 1165,

техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына – 170,

арнайы және қосымша білім беру ұйымдарына – 155,

орталықтарға – 35,

кіші қызметкерлерге – 543 маман қажет.

Кейбір білім беру ұйымдарында 50–80-ге дейін бос орын тіркелген.

Мысалы:

Н. Оңдасынов атындағы №38 мектеп-гимназияда – 84,

А. Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназияда – 55,

№45 мектеп-гимназияда – 47,

Д. Менделеев атындағы №15 мектеп-лицейде – 38,

техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының ішінде Саз колледжінде – 65,

Политехникалық колледжде – 33,

Жол-көлік колледжінде – 24 бос жұмыс орны бар.

Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі 29–30 қаңтар күндері Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында сағат 09:00-ден 16:00-ге дейін өтеді.