Сайт бойынша іздеу

Шымкентте мектептің 27 жастағы бас бухгалтері 2 жылға сотталды

Бөлісу:
FVn04nnNrA.jpg
Фото ИИ

Шымкент қаласындағы № 43 мектептің бас бухгалтері қазына қаражысын ұрлағаны үшін 2 жылға бас бостандығынан айырылды, — деп хабарлады Педагог.KZ. kazinform-ға сілтеме жасап.
 

 27 жастағы Айдана Мекемтас жазасын қауіпсіздік деңгейі  ең төмен түзеу мекемесінде өтетін болады. Соттың мәліметі бойынша, 2022 жылдың қаңтарынан 2024 жылдың тамызына дейін бухгалтер мектептің электронды цифрлық қолтаңбасын пайдаланып,15 мұғалімге артығымен ақша жіберіп отырған. Кейін ол мұғалімдерге техникалық қателік кетті деп, қаражатты қайтаруды және оны өзінің есеп-шотына жіберуді сұраған. Сондай-ақ, бас бухгалтер 4 миллион 600 мың теңгеден астам соманы мектеп ауласын абаттандыру мақсатында деп ешбір тендерсіз жеке кәсіпкердің шотына аударған, оны да жоғарыда аталғандай өзіне алғаны анықталған. Бюджетке келтірілген жалпы шығын 13 миллион теңгеден асқан.

Сот барысында сотталушы өзінің кінәсін мойындап, өкініш білдіріп, ұрланған ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсағанын айтқан және мемлекетке келтірілген залалды толығымен өтеген. Сот Айдана Мекемтасты ҚР Қылмыстық кодексінің 189 — бабы, 3-бөлігі, 1 және 2-тармақтары бойынша кінәлі деп таныды. Сот үкімі жарияланғаннан кейін ол мәжіліс залында қамауға алынды. Үкім заңды күшіне енді. 

Айта кету керек, бұған дейін Шымкентте мектеп директоры мен бас бухгалтер 71 миллион теңге жымқырғаны анықталып, екеуі де сегіз жылға бас бостандығынан айырылған еді.