Шымкентте орыс сыныптарына сабақ беретін химия, биология, география және тарих пәні мұғалімдері жетіспейді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар орталығы алаңында Шымкент қаласының білім басқармасының басшысы Қуаныш Ысқақов мәлімдеді, деп хабарлайды Педагог-KZ.
«Пән мұғалімдерінің жетіспеушілігі бар. Атап айтқанда, орыс сыныптарына сабақ беретін химия, биология, география және тарих пәні мұғалімдері тапшы. Қазақ тілінде білім беретін мектептерде мұндай мәселе жоқ», – деді аймақтың бас ұстазы.
Оның сөзінше, педагог тапшылығы қала әкімінің жоғары оқу орындарына бөлетін гранттары арқылы шешімін таппақ.