Сайт бойынша іздеу

Шымкенттегі Әуезов университетінде 256 млн теңге жымқырылу фактісі ашылды

Бөлісу:
M0iLzrwYpB.jpg

Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру және заңсыз жолмен алынған мүлікті заңдастыру фактісі бойынша тергеу ісін аяқтады,-деп хабарлайды Педагог-KZ

Тергеу нәтижесінде университет басшылығы мен бірнеше құрылым жетекшілерінің жалған келісімшарттар жасасып, мемлекет қаржысын мақсатсыз жұмсағаны анықталды. Атап айтқанда, қызмет көрсету, құрылыс-монтаж жұмыстары және тауар жеткізуге қатысты жалпы сомасы 256 миллион теңге болатын шарттар жалған болып шықты. Шын мәнінде, ешқандай жұмыс атқарылмаған.

Бюджет қаржысы жалған актілер арқылы байланысы бар компаниялардың есепшоттарына аударылып, кейін қолма-қол ақшаға айналдырылған. Қылмыстық жолмен табылған қаражатқа күдіктілер алты қымбат көлік (оның ішінде Mercedes-Benz S-класс, Lexus LX570) және Шымкенттің орталығынан құны 254 млн теңге тұратын элиталық коттедж сатып алған.-делінген ақпаратта.

Қазіргі таңда күдіктілер қатарында университет ректорының міндетін атқарушы, қаржы және әкімшілік департамент директорлары, сондай-ақ жеке ұйымдардың басшылары бар. Барлық күдіктілердің мүліктеріне сот санкциясымен тыйым салынды. Төрт күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қылмыстық іс сотқа жолданды.