Сайт бойынша іздеу

Шынар Ақпарова Оқу- ағарту вице-министрі болып тағайындалды

Бөлісу:
OMi2KIgINy.jpg
Фото:facebook.com/shynar.akparova

 Ақпарова Шынар Қуанышқызы  Оқу-ағарту вице-министрі болып тағайындалды,- деп хабарлайды Педагог-KZ.

Шынар Қуанышқызы Ақпарова 1972 жылы Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданында дүниеге келген.  Целиноград қаржы-экономикалық техникумын «мемлекеттік сақтандыру» мамандығы бойынша, 2006 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша, сондай-ақ 2009 жылы Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетін «қаржы» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 29 жасында Атасу станциясындағы №135 мектепте орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған.


Әр жылдары мектеп директорының орынбасары, әдіскер, Қарағанды облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің Білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің жетекші маманы және бас маманы, сондай-ақ осы департамент директорының орынбасары қызметтерін атқарған.

2025 жылдың 23 маусымынан бастап ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.