Сайт бойынша іздеу

Тест орталығы ПББ-ға тіркеу басталатынын хабарлады

Бөлісу:
Ds8ZaiLS3l.jpg

2026 жылғы 10-15 ақпан аралығында testcenter.kz сайтында педагогтердің білімін бағалау  үшін өтініштер қабылданады, деп хабарлайды Педагог-KZ testcenter.kz сайтына сілтеме жасап.

Тіркеу тек бірінші мүмкіндік үшін қолжетімді және біліктілігін арттыру немесе растау мақсатындағы педагогтарға, оның ішінде модератор, сарапшы, зерттеуші, шеберлерге арналған.

Білімді бағалау 2026 жылғы 16-27 ақпан аралығында өтеді.

Біліктілігін арттыру немесе растайтын педагогтер үшін 2026 жылы бірінші мүмкіндік тегін, екінші мүмкіндік – 5640 теңге,- делінген ақпаратта.

Қосымша ақпаратты testcenter.kz сайтында «Тестіленушілерге» ➡ «Педагогтердің білімін бағалау» бөлімінде қарауға болады.