Түркістан облысының үздік педагогтары басшылық қызметке конкурссыз тағайындалады. Биыл «білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» бағдарламасы бойынша кадр резервіне облыстан 43 үміткер кірген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,5 есеге көп. Бұл туралы облыстық Білім басқармасына сілтеме жасап pedagog-kz.kz хабарлайды.
Резервке өткен педагогтар директордың орынбасары бола алады, ал орынбасарлық қызметте жүрген көшбасшылар мектеп директорлығына тағайындалады.
Облыс әкімдігінде резервшілермен кездесу өткен. Жиында облыстық Білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айгүл Қасымбекова қатысушыларды алаңдатқан сұрақтарға жауап берді.
Айта кетейік, Түркістан облысында 2023 жылы 26 педагог резервте болған. Оның 23-і бос лауазымға конкурстық рәсімсіз орналасқан. Биыл жобаға қатысушылар саны өткен жылмен салыстырғанда 2,5 есеге көбейген.