Түркістан облысының 8 ауданында білім бөлімінің қызметкерлері 12 млрд теңге көлемінде қаржы жымқырған деп хабарлайды Педагог-KZ qazaqstantv сілтеме жасап.
Облыстық прокуратура мен экономикалық тергеп тексеру департаментінің қызметкерлері аса ірі көлемде қаржы ұрлаған 165 адамға қатысты тергеуді аяқтап, қылмыстық істерді сотқа өткізді.
Қазір алты ауданның білім саласы қызметкерлеріне қатысты сот отырысы өтуде. Сауран ауданы бойынша алғашқы сот үкімі шықты.