Сайт бойынша іздеу

Түркістан облысының 1000 педагог-психологы курсқа қатысуда

Бөлісу:
EHsk7rHHGt.jpg

Биыл қараша-желтоқсан айлары аралығында Түркістан облысының педагог-психологтарының біліктілігі мен кәсібилігін арттыруға бағытталған «РД Эдвайзори» ЖШС-нің жобасы жүргізілуде.,- деп хабарлайды облыстық Білім басқармасы.

«Курсқа 1000 психолог, 17 аудан, қаладағы психологиялық жұмыстар жөніндегі әдіскерлер қатысуда. Курстың мақсаты кәмелетке толмағандар арасында орын алатын деструктивті, аутодеструктивті, агрессивті, девиантты мінез-құлықтың алдын алу және психологиялық түзету жолдары және ата-аналармен алдын алу жұмыстарын жүргізу жолдарын дамыту»-делінген баспасөз баянында.


Курс аясында педагог-психологтар үшін балалармен жүргізілген диагностикалық бағыттан кейінгі атқаруға тиісті кеңес беру, алдын алу, түзету бағыттары бойынша дәрістер жүргізілуде.

Жоба жұмысы – жасөспірімдердің салауатты, теңгерімді тұлға ретінде қалыптасуына қолдау көрсетуге бағытталған.