Түркістанда педагогтар арасында асық ату, бес асық, тоғызқұмалақ, дойбы, қол күрес, гір көтеру спорттарынан республикалық спартакиада өтті,- деп хабарлайды Педагог-KZ.
Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған ұстаздар бас қосқан дүбірлі доданы «Спорт жұлдыздары» журналының атқарушы директоры, Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық институтының профессоры Болатбек Сағымбаев өзінің құттықтау сөзімен ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Ж.Жабаев атындағы орта мектептің зейнеткер ұстазы, спорт ардагері, көптеген республикалық турнирлердің жеңімпаз-жүлдегері Асқар Бейсенов құрметті қонақ ретінде қатысты.
Аса тартысты өткен сында Асық атудан Нұрлан Есалы (Түркістан обл, Келес, 20-29 жас), Нұрбол Мұстафаев (Жамбыл обл, Жаңатас, 30-39 жас, І топ), Жәнібек Әлімбеков (Түркістан обл, Келес, 30-39 жас, ІІ топ), Нұржан Қабылбеков (Түркістан обл, Ордабасы, 40-49 жас), Ерлан Молдраманов (Түркістан обл, Сауран, 50-59 жас) және Мұрат Жұмаділов (Алматы қаласы, +60 жас) жеңістің биік тұғырынан көрінсе, Бес асықтан Ләйла Қазанғапова (Жамбыл обл, Жаңатас, 30-39 жас) мен Клара Бутаеваның (Түркістан обл, Сауран, 40-49 жас) мерейі үстем болды.
Тоғызқұмалақтан ерлер арасында Шахрух Ташметов (Түркістан қаласы, 20-29 жас), Олжас Абилмажанов (Түркістан обл, Түлкібас, 30-39 жас), Бексұлтан Айтмаханов (Түркістан обл, Сауран) және Шүкірбек Бимбетов (Түркістан қаласы, 50-59 жас) қарсылас шақ келтірмесе, әйелдер арасында Дидар Сәрсенова (Қызылорда обл, Шиелі, 20-29 жас), Мая Ашимова (Қызылорда обл, Жаңақорған, 30-39 жас) және Жанар Рамазанова (Түркістан қаласы, 40-49 жас) жеңімпаз атанды.
Дойбыдан ерлер арасында Парасат Орынбасар (Түркістан қаласы, 20-29 жас), Рашид Баубеков (Түркістан қаласы, 30-39 жас), Әлімхан Тұрманов (Қызылорда обл, Шиелі, 40-49 жас), Сейтмұрат Абилаев (Түркістан обл, Сауран, 50-59 жас) және Өмірзақ Сәрсен (Қызылорда обл, Қазалы, +60 жас) спартакиада жеңімпаздары атанса, әйелдер арасында Баян Жетпісбаеваға (Түркістан обл, Сайрам) үздік атанды.
Қол күресінен өткен сында Марат Еденбай (Түркістан қаласы, 20-29 жас), Ернар Абдраманов (Қызылорда обл, Жаңақорған, 30-39 жас), Нұржан Назарбеков (Түркістан қаласы, 40-49 жас) және +60 келіде Бахыт Мұңсызбаев (Түркістан қаласы, +80 келі) пен Ғазиз Балғабеков (Қарағанды қаласы, -80 келі) бірінші орынға ие болса, әйелдер арасында Ақерке Арыстан (Түркістан қаласы, 20-29 жас) мен Жақсыгүл Якубова (Түркістан обл, Қазығұрт, 40-49 жас) өз салмақ дәрежелерінде топ жарды.
Гір көтеру спортынан ерлер арасында Самат Әбдімүтәліп (Түркістан қаласы, 20-29 жас), Нұрғазы Тлепов (Түркістан обл, Қазығұрт, 30-39 жас), Мұхит Масанов (Түркістан обл, Ордабасы, 40-49 жас) және Қали Рүстемов (Қызылорда обл, Қазалы, +60 жас) алтынға қол жеткізсе, әйелдер арасында Жақсыгүл Якубова (Түркістан обл, Қазығұрт, 40-49 жас) үздік атанды.
Жеңімпаздар медаль, дипломдарға ие болды. Марапаттарыңыз құтты болсын ұстаздар!