Сайт бойынша іздеу

ҰБТ әдістемесі мен мазмұны түбегейлі өзгереді

Бөлісу:
6ViPrqfaEY.jpg
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі ресурсынан

Мемлекет басшысы АҚШ-қа сапары аясында Educational Testing Service (ETS) компаниясы басшылығымен кездесті, деп хабарлайды Педагог-KZ.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек тің сөзінше кездесуде ҰБТ әдістемесін қайта қарау мәселесі де талқыланған.

"ETS – әлемдегі ең көне тестология компаниясы. ETS-тің үздік мамандары тартылып, арнайы жұмыс тобы құрылады, біздің Ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) әдістемесі мен мазмұны түбегейлі қайта қаралады", – деді Саясат Нұрбек.

Министрдің айтуынша әлемдік деңгейдегі үздік мамандар ҰБТ-ны халықаралық тестке айналдыру үшін көпсатылы жұмысқа тартылады. Бұл ең озық әдістемеге және ең сапалы сұрақтарға негіздел мек.

Айта кету керек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йоркке жұмыс сапары 2025 жылғы 21 қыркүйек кешке басталды. Қазақстан Президенті Goldman Sachs Global Institute-тің жаһандық мәселелер жөніндегі президенті Джаред Коэнмен, сондай-ақ Educational Testing Service (ETS) компаниясының президенті әрі бас атқарушы директоры Амит Севакпен кездесті.