Білім жүйесі елдегі ең ірі жұмыс орындары бар мекемелердің бірі. Тек биыл жаңа оқу жылында мектептерге 8 мыңға жуық педагог жұмысқа қабылданған. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту минитрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев айтты деп хабарлайды pedagog-kz.kz
Педагогтерді жұмысқа қабылдаудың жоғары көрсеткіші Түркістан, Алматы, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласында тіркелген. Мамандарға сұраныс педагог мамандығын бітірген түлектер есебінен толықтырылуда.
Жергілікті атқарушы органдар тарапынан педагогикалық мамандықтар бойынша білім беру гранттарының саны артып келеді. Педагогикалық мамандықтарға түсу үшін шекті балдың 50-ден 75 балға дейін өсуіне қарамастан, мамандыққа деген қызығушылық жоғары болып қала береді.
Биылғы жылы педагогикалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарын бітірушілер саны 48 мың адамды құрады, оның 2 мыңға жуығы облыс әкімдерінің гранты бойынша білім алды. Жаңа оқу жылы басталғалы 8 мыңға жуық педагог жұмысқа қабылданды», - деді Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев.