Сайт бойынша іздеу

ҰБТ нәтижесі мектептегі білім сапасында үлкен проблема барын көрсетті — депутат

Бөлісу:
Zh7hIRKl3R.jpg
Фото: https://t.me/gylym_jogary_bilim

ҰБТ-ның төмен көрсеткіштері мектептегі білім сапасына қатысты үлкен сұрақтар туындатады. Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамoв Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) мен мектептегі емтихан нәтижерін салыстырып, терең талдау жасауды ұсынды, деп хабарлайды Педагог-KZ.

Депутаттың сөзінше, 2025 жылғы негізгі ҰБТ қорытындысы бойынша 210 мыңнан астам талапкер тестілеуге қатысқан. Алайда олардың тек шамамен 76% ғана (шамамен 161 мың адам) шекті межеден өте алған. Орташа нәтиже 140 мүмкін балдың 69-ын құрады, ал түлектердің шамамен 24 пайызы ең төменгі деңгейге жете алмаған. Сонымен қатар 711 құқықбұзушылық фактісі тіркеліп, бірқатар қатысушылардың нәтижелері жойылған.

«Бұл деректер мектеп түлектерін дайындауда жүйелік проблемалардың бар екенін және мектептердегі білім сапасына айтарлықтай назар аударуды қажет ететінін көрсетеді», - деді депутат Үкіметке жолдаған сауалында.

Депутат мектеп бітіру емтихандарының нәтижелерін ҰБТ қорытындыларымен салыстыруды ұсынды. Оның айтуынша, мектептегі бағалау мен ұлттық тестілеу арасындағы елеулі алшақтықтың себептерін анықтау арқылы түлектердің нақты дайындығы бағаланып, мектептегі білім сапасын көтеру шараларын жасауға болады.

Депутат мәселенің әлеуметтік аспектісіне де тоқталды: мектептерде дайындық төмен болғандықтан, ата-аналар жеке репетиторларға және коммерциялық білім беру орталықтарына жүгінуге мәжбүр, бұл, әсіресе аз қамтылған және көпбалалы отбасылар үшін қосымша қаржылық жүктеме туғызады.

Ұсынылған шаралардың қатарында - емтихан көрсеткіштерін кешенді талдау жүргізу, интерактивті тренажерлер мен тапсырмаларды талдауды қамтитын ресми мемлекеттік онлайн-порталды іске қосу және өңірлер мен мектеп түрлері бойынша бөлінген жыл сайынғы егжей-тегжейлі аналитикалық есептерді жариялау бар.