Сайт бойынша іздеу

«Үздік педагог - 2024» республикалық байқауы жеңімпаздарының толық тізімі жарияланды

Бөлісу:
Y25tz7fpsQ.jpg

«Үздік педагог - 2024» республикалық байқауына биыл мектептер мен колледждерден барлығы 1750 мұғалім қатысып, оның ішінде 64 педагог өз ісінің үздігі болып танылды.

Айта кетейік, республикалық байқау жеңімпаздары «Үздік педагог» куәлігімен, «Үздік педагог» төсбелгісімен және 1000 АЕК (3,6 млн теңгеден астам) мөлшерінде ақшалай сыйақымен марапатталды.  Республикалық конкурстық комиссияның құрамына ҮЕҰ, ата-аналар қоғамының өкілдері, журналистер, белсенді педагогтер, Білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіподағының өкілдері және т.б. кіреді.

«Үздік педагог - 2024» республикалық байқауының толық тізімін Педагог-KZ телеграм арнасынан көре аласыздар.  (https://t.me/pedagog_qz/1234)