Астанадағы мұғалім жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін қалалық педагогикалық колледж базасында педагогикалық университет құрылуы мүмкін. Бұл туралы Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазиев «Солай» ютуб арнасына берген сұхбатында айтты деп хабарлайды pedagog-kz.kz.
Айта кету керек, қазір Астанада бастауыш сынып мұғалімдері, химия, физика және математика, орыс тілі мен орыс әдебиеті пәндерінің ұстаздары жетіспейді .
Бұл проблеманы шешу үшін өткен жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Астана қаласында педагогикалық университет ашу мәселесін қарастыруды тапсырған.
Осы мақсатта қалалық Білім басқармасы мен Ғылым және жоғары білім министрлігі бірнеше ұсынысты қарастыруда. Соның бірі педагогикалық колледжді университетке трансформациялау деді Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазиев.
Біздің телеграм каналға жазылыңыз⤵️