«Үздік педагог» республикалық байқауының ақтық сынына 174 маман жолдама алды,- деп хабарлайды Педагог-KZ Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
«Байқаудың іріктеу кезеңіне (аудандық) 1468 маман қатысып, одан өткен 793 педагог облыстық деңгейде бақ сынады. Дәстүрлі конкурстың финалдық кезеңіне 174 маман жолдама алды»,- делінген министрлік таратқан ақпаратта.
Жеңімпаздардың есімі Республика күні қарсаңында жарияланады.
Жүлдегерлерге «Үздік педагог» атағы беріліп, 1000 АЕК көлеміндегі сыйақы табысталады.
Мәселен өткен жылы 64 үздік ұстазға жалпы сомасы 220 миллион теңгеден астам болатын сыйақы төленді.
Аталмыш байқау 2012 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Бүгінде Қазақстанда 700-ден астам «Үздік педагог» атағының иегері бар.